Үздік кандидаттарды қалай тартуға болады: Дивиджоб арнайы нұсқаулық ұсынады

«Мықты кандидаттарды қайдан табамыз?» деген сұрақ қызметкер іздеген әрбір Hr-ға, директорға, компанияға маңызды. Бірақ үздік кандидатты табу вакансия мәтінін құру кезеңінен басталатынын көбісі біле бермейді. Дұрыс жазылған хабарландыру тек өтініштер санын арттырып қана қоймай, олардың сапасын да жоғарылатады.

Міне, сұраныстағы вакансияны жариялауға көмектесетін негізгі қағидалар:

 

  1. Міндеттерді нақты көрсетіңіз

Кандидаттар айқындық пен ашықтықты бағалайды. Сондықтан:

- Маман немен айналысатынын нақты көрсетіңіз;

- Қандай жобалармен, клиенттермен немесе құралдармен жұмыс істейтінін жазыңыз;

- Оның жұмысы қандай көрсеткіштерге әсер ететінін көрсетіңіз.

Мысалы: «Құжат айналымын жүргізу» деудің орнына, «Жеткізушілермен келісімшарттарды жүргізу, төлем мерзімдерін бақылау және келісімшартты мұрағаттау» деп жазған дұрыс.

 

  1. Жұмыс шарттарын ашық жазыңыз

Жұмыс іздеушілер шарттары ашық жарияланған вакансияларға қызығады:

- Жалақыны немесе тәжірибеге байланысты нақты диапазонды көрсетіңіз;

- Жұмыс кестесін және кеңсенің орналасқан жерін жазыңыз;

- Корпоративтік мәдениет туралы айтыңыз (жас әрі динамикалық команда ма, әлде классикалық стиль ме).

 

Егер оқыту, кәсіби өсу, бонус сынды артықшылықтар бар болса, міндетті түрде көрсетіңіз. Бірақ асыра сілтемеңіз, шынайы ұсына алатын нәрсені ғана уәде етіңіз.

 

  1. Қажетті талаптарды қысқа әрі нақты көрсетіңіз

Вакансияны «шеттен тыс қияли талаптарға» айналдырмаңыз. Жұмысты бастау үшін міндетті түрде қажет талаптарды ғана жазыңыз, қалған дағдыларды кандидат жұмыс барысында меңгере алады.

 

  1. Қарапайым, түсінікті тілді қолданыңыз

Жұмыс іздеушілер вакансияларды жылдам қарайды. Қиын сөйлемдер мен ресми тіл үміткерлердің ақпаратты қабылдауын алыстату мүмкін. Қысқа сөйлемдерді, түсінікті етіп жазыңыз. «Сату бөлімімен өзара әрекеттесу процестерін ұйымдастыру» демей, «Сату бөлімімен жұмысты ұйымдастырып, процестерді реттейсіз» деген жөн.

 

  1. Вакансияны белсенді ізденушілер көп жерде жариялаңыз

Тіпті ең керемет вакансия да тиісті платформада жарияланбаса сұраныс болмауы мүмкін. Сол себепті бос жұмыс орнын DVJob.kz сияқты кәсіби платформаларға орналастырыңыз, мұнда жұмыс берушілер мен кандидаттар тиімді әрі ыңғайлы жолмен бір-бірін таба алады.

 

  1. Видеовизиткаларды пайдаланыңыз

DVJob платформасында жұмыс берушілер кандидаттардан видеовизитка сұрата алады. Бұл үміткердің мотивациясы мен қарым-қатынас дағдыларын әңгімелесуге дейін көруге мүмкіндік береді. Уақытыңызды үнемдеп, «өз адамыңызды» тез табуға көмектеседі.

 

Тиімді вакансия жасау - үздік кандидаттарды табудың алғашқы қадамы. Ашықтық, нақтылық, қарапайым тіл және шынайы шарттарды көрсету тек қажетсіз өтініштерден уақыт үнемдеуге емес, сонымен қатар сіздің компанияңызды сенімді жұмыс беруші ретінде көрсетуге көмектеседі.

 

Вакансияларыңызды DVJob.kz сайтына жариялаңыз, сонда ең қажетті кандидаттар сізді өздері-ақ табады.

Қазақстанда 2025 жылы сұраныста болатын мамандықтар: HR пікірі
Қазақстанда 2025 жылы сұраныста болатын мамандықтар: HR пікірі
Видеовизитка жасау: үміткерлерге арналған нұсқаулық
Видеовизитка жасау: үміткерлерге арналған нұсқаулық
Жұмысқа видео-визитка арқылы жауап беруге болатынын білдіңіз бе?
Жұмысқа видео-визитка арқылы жауап беруге болатынын білдіңіз бе?
DVjob.kz – Қазақстандағы жаңа буын рекрутинг платформасы
DVjob.kz – Қазақстандағы жаңа буын рекрутинг платформасы
Soft skills – мансаптағы табыстың кілті
Soft skills – мансаптағы табыстың кілті
Маманды ілгерілету құралдары
Маманды ілгерілету құралдары
HR мамандарына арналған кеңестер:
HR мамандарына арналған кеңестер:
Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын ТОП-5 мамандық
Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын ТОП-5 мамандық