Видеовизитка жасау: үміткерлерге арналған нұсқаулық

Бүгінде қарапайым резюме толтыру жұмыс іздеушіге аздық етеді. Ал қосымша видеовизитканы түсіріп, жүктеу - сіздің шынайы, сенімді әрі мотивациясы жоғары маман екеніңізді көрсетеді. Бұл формат жұмыс берушіге сіздің сенімділігіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, харизмаңызды және мотивацияңызды 60 секундта көруге мүмкіндік береді, ал сізге -басқа кондидаттардан озық шығуға жол ашады. 

Видеовизитканы оңай әрі дұрыс жасау жолы бойынша нұсқаулық ұсынамыз.

 

  1. Мәтінді алдын ала дайындаңыз.

Видеоны түсірмес бүрын, айтатын сөзіңізді ойластырыңыз:

- Қысқаша өзіңізді таныстырыңыз (аты-жөніңіз, мамандығыңыз, негізгі дағдыларыңыз).

- Тәжірибеңізді және компанияға қалай пайдалы бола алатыныңызды айтыңыз.

- Неліктен осы салада жұмыс істегіңіз келетінін түсіндіріңіз.

- Видео түсіру барысында сенімді әрі нақты сөйлеуге тырысыңыз.

Ойыңыз жүйелі болуы үшін тезистер жасап алыңыз.

 

  1. Видео түсіретін орын мен жарықты дайындаңыз. 

- Видеоны жарық жақсы түсетін жерде, терезе жанында немесе жұмсақ жасанды жарықпен түсіріңіз.

- Фон таза, артық заттарсыз болғаны дұрыс.

- Сыртқы шудың жоқтығына көз жеткізіңіз.

 

  1. Қысқа әрі нақты түсіріңіз

- Ұзақтығы «60 секундқа дейін» болғаны тиімді.

- Айқын, сенімді, еркін сөйлеңіз.

- Күліп, энергияңызды көрсетіңіз.

- Қобалжысаңыз, бірнеше рет жазып, ең жақсысын таңдаңыз.

 

  1. Видеоны DVJob.kz сайтына жүктеңіз

Түсірілімнен кейін:

- dvjob.kz сайтына кіріп, жеке кабинетке өтіңіз.

- Резюме бетінде «Видеовизитка қосу» опциясын таңдаңыз.

- Видеоны жүктеп, сақтаңыз.

Осылайша жұмыс берушілер сіздің видеовизиткаңызды бірден көре алады.

 

Сәтті видеовизитка жасау кеңестері:

- Күліңіз, еркін болыңыз.

- Камераға тіке қараңыз - бұл диалогты тудырады.

- Қарапайым, түсінікті тілде сөйлеңіз.

- Дыбыс сапасын тексеріп алыңыз.

-Сұхбатқа баратындай жинақы киініңіз.

 

Неге маңызды?

Видеовизитка:

- Шорт-листке жылдам енуге көмектеседі.

- Жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады.

- Жеке брендіңізді қалыптастыруға ықпал етеді.

- Сіз бен жұмыс берушінің уақыты мен күшін үнемдейді.

 

Өзіңізді көрсету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. DVJob.kz сайтында тіркеліп, бүгін видеовизиткаңызды жасаңыз. Жұмыс берушілер сіздің шынайы кім екеніңізді көрсін!

 

Қазақстанда 2025 жылы сұраныста болатын мамандықтар: HR пікірі
Қазақстанда 2025 жылы сұраныста болатын мамандықтар: HR пікірі
Үздік кандидаттарды қалай тартуға болады: Дивиджоб арнайы нұсқаулық ұсынады
Үздік кандидаттарды қалай тартуға болады: Дивиджоб арнайы нұсқаулық ұсынады
Жұмысқа видео-визитка арқылы жауап беруге болатынын білдіңіз бе?
Жұмысқа видео-визитка арқылы жауап беруге болатынын білдіңіз бе?
DVjob.kz – Қазақстандағы жаңа буын рекрутинг платформасы
DVjob.kz – Қазақстандағы жаңа буын рекрутинг платформасы
Soft skills – мансаптағы табыстың кілті
Soft skills – мансаптағы табыстың кілті
Маманды ілгерілету құралдары
Маманды ілгерілету құралдары
HR мамандарына арналған кеңестер:
HR мамандарына арналған кеңестер:
Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын ТОП-5 мамандық
Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын ТОП-5 мамандық