Видеовизитка - рекрутинг болашағы: дәстүрлі түйіндемеден ерекшелігі қандай?

Видеовизитка - рекрутингтегі жаңа стандарт. Ол кандидаттарды жылдамырақ іріктеуге көмектеседі, өзін жақсы жағынан көрсетуге мүмкіндік береді және жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады.

ер адам видеовизитка түсіріп жатыр

Видеовизитка - рекрутинг болашағы: дәстүрлі түйіндемеден ерекшелігі қандай?

 

Цифрлық дәуірде классикалық түйіндеме жұмыс берушінің басты талаптарына жауап бере алмайды. Себебі сенімсіздік басым, жұмыс берушілерді "Менің алдымда кім тұр - тірі адам ба, әлде құр сөздер жинағы ма?" деген сұрақ мазалайды.

Сондықтан, бүгінде көптеген компаниялар мен үміткерлер дәстүрлі форматты қойып, видеовизиткаға көше бастады. Бұл өзін таныстырудың заманауи, әсерлі әрі тиімді тәсілі.

 

Видеовизитка деген не?

Бұл - үміткер өзін, жұмыс тәжірибесін, дағдыларын және мотивациясын қысқа (60 секундқа дейін) видео арқылы таныстыратын формат.

Негізгі артықшылығы - үміткер өзінің харизмасын, мақсатын, жетістіктерін шынайы жеткізіп, бір сөзбен классикалық түйіндемені видеомен жеткізгендей болады.

 

Жұмыс берушілерге неге тиімді?

  1. Уақыт үнемделеді, нақты нәтижеге жетесіз.

Бір минут ішінде кандидаттың сенімділігі, сөйлеу мәнері, энергиясы мен қарым-қатынас стилі жайлы алғашқы әсер алуға болады.

 

  1. Тек мәтінге қарағанда көп ақпарат беріледі.

Харизма, эмоция, мотивация, soft skills - бұлардың ешқайсысы қарапайым түйіндемеде көрінбейді.

 

  1. «Өз адамыңызды» тез табасыз.

Бейне арқылы адам сіздің командалық мәдениетіңізге сай келе ме, жоқ па - лезде түсінуге болады.

 

  1. Ыңғайлы және тиімді.

Видеоны кез келген уақытта қарап, жеке сұхбаттасуға дейін бірнеше кезеңді үнемдей аласыз. Бұл әсіресе жаппай іріктеуде маңызды.

 

Үміткерлер неге видеовизитканы таңдайды?

 

- Бәсекелестерден ерекшелену үшін.

Видео бірден назар аудартады, есте қалады және шорт-листке ену мүмкіндігін арттырады.

 

- Әсер қалдырады.

Үміткер видеоны өзі дайындайды, ой елегінен өткізіп, қажет болса қайта жаза алады, өзін ең жақсы жағынан көрсету мүмкіндігі мол.

 

- Жеке бренд қалыптастыру.

Маман немесе сарапшы үшін - бұл кәсіби беделін көрсету мен сенімділік танытудың таптырмас жолы.

 

- Жұмыс табу мүмкіндігі артады.

Зерттеулерге сәйкес, видео түйіндеме қарапайым түйіндемеге қарағанда 50%-ға көбірек назар аударады.

 

Неліктен видеовизиткалар үшін ең тиімді платформа - Дивиджоб?

Дивиджоб - Қазақстанда алғашқылардың бірі болып видеовизитка форматын қолжетімді еткен платформа. Бізде бәрі қарапайым әрі ыңғайлы:

 

Видеоны жүктеу мен қарауға арналған интуитивті интерфейс

Видео үміткердің парақшасына тікелей ендірілген

Видео сұхбаттар мен тестілік тапсырмаларды жіберуге болады

Нағыз мотивациясы бар белсенді үміткерлер базасы бар

 

Видеовизитка - бұл жай ғана тренд емес, рекрутингтегі жаңа стандарт. Егер сіз үміткерлерді жылдамырақ, нақтырақ және тиімдірек таңдауды қаласаңыз - осы форматқа дәл қазір көшіңіз.

 

Ертеңге қалдырмаңыз - видеовизиткаңызды дәл қазір жазыңыз және жұмыс берушілерден 2 есе көп ұсыныс алыңыз!